Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдеді

0
910

Ресейде тұруға ықтиярхаты бар Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтары елде тұру мерзімін сақтамай азаматтық алуға өтініш бере алады.


Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдеді

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин азаматтық алуды жеңілдететін федералды заңға қол қойды, деп жазады stan.kz.

«Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініш беруге құқылы», - делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін шетелдіктер өз елінің азаматтығынан шығу туралы өтініш білдіргендерін растауы керек болатын.

Сонымен бірге Ресейде тұруға ықтиярхаты бар Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтары елде тұру мерзімін сақтамай азаматтық алуға өтініш бере алады.

Дәл осындай ереже Ресейде тұратын және ортақ балалары бар Ресей азаматтарының шетелдік ерлі-зайыптыларына, сондай-ақ ата-аналарының бірі Ресей азаматтығы бар және Ресейде тұратын шетелдіктерге қолданылады.

Сонымен қатар, Ресей университеттерінің түлектері жұмыс істегеннен кейін бір жыл өткен соң азаматтығын ала алады. Бұрын бұл процесс бес жылға созылатын.

Сондай-ақ, Донбасс тұрғындарына Ресей төлқұжатын алғаннан кейін мемлекеттік баж салығын алып тастады. Қазіргі уақытта төлем 3,5 мың рубльді құрайды.