Қазақстанға Қытайдың төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері келді

0
1 256

Делегация құтқарушылардың төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалады.


Қазақстанға Қытайдың төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері келді

ERNUR.KZ. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қытайдан келген әріптестерін қабылдады, деп жазады baq.kz.

Кездесу және танысу кезінде РЖҚЖ басшысы Владимир Цой жасақтың техникалық жабдықталуы туралы айтты. Құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын көрсетті. Ол әртүрлі төтенше жағдайлардағы жасақ жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Делегация құтқарушылардың төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалады.

ҚХР ТЖМ министрінiң орынбасары Сюй Цзяай жасақ басшысына естелік сыйлық табыс етіп, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.