Қазақстанға қытайлық вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

0
352

Биыл 7 мамырында Vero Cell қытайлық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.


Қазақстанға қытайлық вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

ERNUR.KZ. Қазақстанға қытайлық Sinopharm (Vero Cell) вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Vero Cell Sinopharm вакцинасының (ДДСҰ мақұлдаған) 3 миллион дозасы Қазақстанға жеткізілді", - деп жазды Алексей Цой Facebook-парақшасында.

Айта кетейк, 10 тамызда Sinopharm компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының бір миллион дозсы Қазақстанға жеткізілгені туралы хабарланған болатын.

Биыл 7 мамырында Vero Cell қытайлық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Шілдеде ол COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай