Қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік жүр.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі еліміздегі көші-қон жағдайы туралы айтып берді, деп жазады exk.kz.
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың айтуынша, биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген. Соның ең көбі Ресейден екен.
"Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген. 2 миллион 900 мың адам ел аумағына кірген. Екінші орында — Өзбекстан (2 миллион 300 мың адам) тұр. Ал Қырғызстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан астам және Түркиядан 90 мыңға жуық адам келген", дейді Аслан Аталықов.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік жүр. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.
Еске салып өтсек, Ресейдегі мобилизация салдарынан елімізге 1 аптада 200 мың адам келген кездері болған.