Қазақстанға заңсыз кірмек болған 10 шетелдік ұсталды

0
59

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.


Қазақстанға заңсыз кірмек болған 10 шетелдік ұсталды

Видеодан скрин

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп жазады stan.kz.

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.