Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады

0
98

2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы "Алматы–Нячанг" (Вьетнам), "Астана–Нячанг" және "Алматы–Франкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр.


Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігі биыл халықаралық бағытта жаңадан қандай әуе рейстері ашылатынын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы "АлматыНячанг" (Вьетнам), "АстанаНячанг" және "АлматыФранкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ал малайзиялық "Air Asia x" авиакомпаниясы "Алматы – Куала-Лумпур" бағыты бойынша рейстер санын аптасына 7 ретке дейін арттыруды есерілген, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу пысықталып жатыр.

– 2025 және 2026 жылдары Жапонияға, АҚШ-қа, Сингапурға, сондай-ақ Мароккоға жаңа әуе маршруттарын ашу жоспарланған, – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.