Қазақстанның халықаралық резевтерінің көлемі белгілі болды

0
398

2014 жылы біріктірілген уақыттан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің жылдық мөлшері 9,33 пайызды құраған.


Қазақстанның халықаралық резевтерінің көлемі белгілі болды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылғы ақша-кредит саясатының жүзеге асырылу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ғалымжан Пірматовтың есебіне сүйенсек:

  • өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 пайызға азайған.
  • екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23,3 пайызға артып, 22,8 триллион теңгеге дейін жеткен, соның ішінде бизнеске берілген кредиттің 13,9 пайызға өсіп, 9,6 триллион теңгені құрағаны жөнінде мәлімет берді.
  • жалпы экономикаға бөлінген кредит 2022 жылы 21,7 пайызға өскен. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оның көлемі 28,9 триллион теңгені құраған.
  • былтыр жалпы халықаралық резервтер 1,2 миллиард долларға көбейіп, 90,8 миллиард долларға жеткен. Соның ішінде алтын-валюта қоры – 35,1 миллиард доллар, Ұлттық қор активтері – 55,7 миллиард доллар.

2014 жылы біріктірілген уақыттан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің жылдық мөлшері 9,33 пайызды құраған.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның «ВВВ» деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты «тұрақты» деген болжамды растады.

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция, макроэкономикалық және энергетикалық тұрақсыздық әлі де экономиканың негізгі түйткілдері ретінде сақталып отыр.

– Халықаралық ұйымдар Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша жаһандық өсім 2021 жылғы 6,2 пайыздан 3,4 пайызға дейін айтарлықтай бәсеңдейтінін және баға қысымы күшейетінін болжап отыр. Мұның бәрі еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға анағұрлым үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау қорытындысы бойынша Президент жылдық есепті мақұлдады.