Қазақстанның мұнай қоры қанша уақытқа жетеді

0
649

Министр Әзербайжан тарапы да Қазақстан аумағында мұнай қорын барлауға ниетті екенін айтты.


Қазақстанның мұнай қоры қанша уақытқа жетеді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ елдегі мұнай қоры туралы мәлімет берді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Алдын ала болжамдар бойынша мұнай 100 жылға анық жетеді. Бірақ бізде перспективалы блоктар бар. Үкімет Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа модельдегі келісімшарт дайындады. Ол бойынша жаңа мұнай кеніштеріне барлау жасағандарға салмақты жеңілдіктер ұсынылады. Көптеген компаниялар ол жеңілдікті пайдаланды да. Жеке айтсақ, «Лукойл» сондай келісімшартқа қол қойды», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында.

Министр Әзербайжан тарапы да Қазақстан аумағында мұнай қорын барлауға ниетті екенін айтты.

«Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сапары кезінде Баку делегациясы Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірді. Олар көмірсутек көздерін барлау, игеру туралы жаңа мәселелерді көтерді. Қазір энергияға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, ресурс базасын толықтыруға қаражат жұмсауды жалғастыруымыз керек», - деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 бензинінің бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін шамамен 11%-ға көтеріледі. Ал дизель отынының бағасы 20 пайызға - 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Егер бұрын мұнай өндіруші Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы ескі мұнай өңдеу зауыттары мен олардың қуаттылығының төмендігімен байланысты деп айтылса, қазір барлық зауыттарды жаңғырту аяқталған соң, үкіметтің пікірінше, қымбатшылыққа «сұр экспорт» себеп болып отыр.