Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

0
166

ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатыны айтылды.


Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

фото:kazembassy.ru

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беруді уақытша тоқтатады, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатыны айтылды.