Қайғылы оқиға Бірлік жаңа ықшамауданында болған.
фото: Midjourney
ERNUR.KZ. Петропавлда екі жасар баланың тамағына шемішке тұрып қалып, дем ала алмай қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға Бірлік жаңа ықшамауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы дүкенге аз уақытқа шығып кеткенде балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сол сәтте екі жасар бала шемішкеге қақалып қалған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем баланы құтқара алмады – сәби көз жұмды.
Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.