Қазақстанның төрт өңірі - «қызыл» аймақта

0
1 884

Бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді.


Қазақстанның төрт өңірі - «қызыл» аймақта

ERNUR.KZ. 26 желтоқсанда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта төңір өңір тұр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта бұрынғысынша Атырау облысы қалып отыр. Сонымен бірге, бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина «қызыл» аймаққа тез өтуге не әсер еткенін айтты.


«Бүгін Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті. Репродуктивті санды есептеу кезінде коронавирус инфекциясының таралуы өткен аптамен салыстырғанда 47 жағдайға көбейіп отыр. Репродуктивті көрсеткіш-1,03. Ол көп болған жағдайда «қызыл» аймаққа өтеді», - деді А.Мусина.