Осыған дейін "Черный беркут" колониясында Челахтың сыңары жазасын өтеп жатқаны туралы хабар тараған.
ERNUR.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Владислав Челахтың өлімі туралы қауесетке пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Осыған дейін БАҚ-тарда Владислав Челахтың қайтыс болғаны туралы және Қостанай облысы Жітіқара қаласы маңындағы "Черный беркут" колониясында Челахтың сыңары жазасын өтеп жатқаны туралы хабар тараған.
ҚАЖК өкілдері бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтады.
"Бұл жалған мәлімет. Ол тірі. Бұрынғыдай жазасын "Черный беркут" колониясында ерекше режимде өтеп жатыр. Денсаулығы қанағаттанарлық", - деді ҚАЖК өкілдері.