Кейбір медициналық қызметтердің бағасы қымбаттайды

0
598

Министрлік мәліметінше, халық консультациялық-диагностикалық көмекке көп жүгінеді.


Кейбір медициналық қызметтердің бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, ем-шара қызметтерін қаржыландыруға қатысты бірқатар шешімдер қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметінше, халық консультациялық-диагностикалық көмекке көп жүгінеді. Яғни, медициналық ұйымдарға түсетін жүктеме артып отыр. Сондықтан, қабылдау мүмкін болмаған жағдайда пациенттердің 80%-ға жуығы жеке медицина орталықтарына жіберіледі.

«Бұл медициналық сақтандыру қорының негізгі жеткізушілерінің борыштық міндеттемелерінің қауіптерін арттырады. Сондай-ақ, қосып жазу, шамадан тыс диагностика, мемлекеттік ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмектің болмауы базасында зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсетуді, арнайы мамандардың консультацияларын дамытуға деген ұмтылысты қиындатады», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар, министрліктен консультациялық-диагностикалық қызметтерге бағытталған шығыстар шекті бюджет қаражатының сомасынан асып кететін де атап өтті. Сондықтан биыл 1 ақпанынан бастап аталған медициналық көмектерге бөлінген қаржыға бақылау енгізді. Бұл өз кезегінде қажетті қызметті қабылдаушылар мен оны бірлесіп орындаушылар арасында наразылық тудырды. Оны шешу үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық сақтандыру қорының аумақтық филиалдары директорларының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.

Мәлім болғандай, талқылау нәтижесінде қысқа мерзім ішінде мына шараларлы қабылдау туралы шешім мақұлданды:

1. Амбулаториялық деңгейде бірлескен орындаушылардан желілік шкаланы алып тастау;

2. Жұмыстарға жасалған мониторингтен кейін ақпан-наурыз айларында консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша орындалған қызметтерді қосымша қаржыландыру;

3. Медициналық көмектің жекелеген бағыттары бойынша тарифтерді көтеру.

«Кейбір ауруханалардың кредиторлық берешегін ескере отырып, қаржылық сауықтыру жоспарлары әзірленді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен медициналық ұйымдардың борыштарын өтеу бойынша ведомствоаралық меморандумдар жасалды», - деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінен.

Бұған қоса, ведомство бастамасымен ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін қызметтерге қойылған сараланған коэффициенттерді арттыру жоспарланып отыр.

Еске салайық, бүған дейін медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымның 3% резервке қойылатынын хабарлап едік.