Келесі айда Қонаевтың бас жоспары бекітіледі

0
1 111

Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құматаев айтты.


Келесі айда Қонаевтың бас жоспары бекітіледі

ERNUR.KZ. Қонаев қаласының бас жоспары аяқталуға жақын. Соның аясында ескі ғимараттар жаңартылып, жаңа құрылыс нысандары бой көтереді, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құматаев айтты.

Алдағы уақытта қалада бірнеше ірі жоба қолға алынады. Соның ішінде академиялық қалашық, заманауи спорттық және мәдени нысандар бар.
Қазірдің өзінде Қонаев біртіндеп кеңейіп келеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Жаңа мектеп салынып жатыр. Ал қалаға жастарды көптеп тарту үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұдан бөлек, ескі инженерлік желілерді де ауыстыру қажет.
"Бас жоспар мен жобалық-сметалық құжаттардың дайындалуына қарай "Жаңа Іле" тұрғын үй алабының құрылысы басталады. Ескі қалада тек жаңғырту және қайта жаңарту жұмыстары ғана атқарылады. Иә, ескі қаланы ретке келтіру керек. Инженерлік желілерді ауыстыру қажет", - дейді Құматаев.