Кемшіліктер бар - Білім және ғылым министрі мектеп оқулықтары жайлы

0
1 997

Жаңа министрдің айтуынша, оның басты мақсаты - білім беру сапасын арттыру.


Кемшіліктер бар - Білім және ғылым министрі мектеп оқулықтары жайлы

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қазіргі оқулықтардың кемшіліктері жайында айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Кітап - балаларға білім берудегі басты құралдардың бірі. Жаңа стандарттар бойынша мұғалімдер, сарапшылар мен авторларды дайындау үрдісі жүріп жатыр. Авторлар бір күнде өзгеріп кете алмайтын шығар. Өздеріңіз білетіндей, белгілі бір кемшіліктер бар. Жақында ғана биылғы республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия бастауыш мектептердің кей оқулықтарын қайта түзетуге жіберді", - деді білім және ғылым министрі.

Күләш Шәмшидинова қазақстандықтарға мектеп кітаптарын тексеруге қоғам болып қатысуға шақырды.

"Кітап таратылу үшін тираждауға жіберілмес бұрын былтырғыдай қоғамдық оқып танысу жұмысы жүргізіледі", - деді ол.

Жаңа министрдің айтуынша, оның басты мақсаты - білім беру сапасын арттыру.