"Хабарласа алмай отырмыз": ХҚО-мен байланыс үзілді

1
2 071


Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ХҚО-мен телефон арқылы байланысу мүлде мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыс және үшінші мегаполис тұрғындары «Электрондық үкімет» порталымен (egov) байланыса алмай жатқанын айтып, редакциямызға шағымданды.
Тұрғындар тарапынан айтылған шағымдар негізінде «Электрондық үкімет» порталымен (egov) байланысқа шығып, 1414 және өзге де телефон нөмірлеріне бірнеше рет хабарласқанымыздан нәтиже шықпады.
Аталған жайт бойынша жергілікті жауапты мамандармен тілдесіп, себебін сұраған болатынбыз.
«Платформада жаңа өзгеріс болып жатыр, сол себепті келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», деген тиістілер нақты себебін айта алмады.
Сондай-ақ, бұл мұндай қолайсыздықтың болуы мүмкін екендігі алдын ала хабарланбаған.
Айта кетейік, ХҚО қазіргі таңда оффлайн форматта жұмыс істеп жатыр. Соңғы қаулы бойынша 9:00-18:00 аралығында жұмыс жасайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.