Халық келесі жылдан бастап Қостанайдан шыққан көліктерді міне бастайды

0
122

Зауыт жылына 70 мың бірілік жеңіл көлікті құрастырады деп жоспарланған.


Халық келесі жылдан бастап Қостанайдан шыққан көліктерді міне бастайды

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

ERNUR.KZ. Бүгінде Қостанай облысында KIA автокөлігін шығаратын зауыт салынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берген аймақ басшысы Құмар Ақсақалов машина құрастырудағы жетістіктерді бір саралап өтті.

"Қазақстанда ашылатын "KIA" зауыты – Корея Республикасынан тыс алғашқы бірлескен кәсіпорын. Көлік зауыты рекордтық қысқа мерзімде (1,5 жыл ішінде) салынады. Құрылысы былтыр қарашада басталды, алғашқы автомобиль конвейерден 2025 жылдың жазында шығады. Қуаты жылына 70 мың бірлік жеңіл көлік және 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады", – деді Қостанай облысының әкімі.

Бұл – Қостанай облысындағы автомобиль шығаратын екінші ірі зауыт. Бұл аймақтың дамуына сөзсіз әсер етеді.

"Бұл аймақтың отандық автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл автобөлшектер жасайтын зауыттың құрылысы басталды", – деді Құмар Ақсақалов.