Хромтауда жас жігіт көлікпен топ адамдарды соғып өтті – видео

0
968

Видеодан көлік қаққан адамдардың айқайлап, жылап жатқанын естуге болады.


Хромтауда жас жігіт көлікпен топ адамдарды соғып өтті – видео

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Хромтауда бір топ адамды көлік соғып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

"Мұндай оқиға болды, толық ақпаратты кейін хабарлаймыз", - деді полиция департаментіндегілер.

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 14 қыркүйек, сенбі күні болған. Видеодан жеңіл көліктің бір топ адамға барып соғылғанын көруге болады. Рөлде жас жігіт отырған.


Видеода адамдардың айқайлап, жылап жатқаны естіледі, қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы белгісіз.