Бие сүтімен ғана емес, басқа да азық түрлерімен қоректене бастады.
ERNUR.KZ.Семейдегі биологиялық орталықта құлан тұқымдас жылқы құлындады, деп жазады 24.kz.
Кішкентай пони тез-ақ аяғына тұрған. Бие сүтімен ғана емес, басқа да азық түрлерімен қоректене бастады. Ең қызығы, оған ат қою үшін мамандар байқау жарияламақ.
Айта кетейік, орталықтағы шетелдік пони көбейіп, табынға айнала бастады. Бүгінде 7 құлын өсіп келеді. Жалпы мұнда 100 шақты жануар қамқорлыққа алынған. Олардың ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.
Дарья Вощакина, биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:
– Қазір орталықта жазғы лагерь жұмыс істеуде. Енді пониға ерекше ат қою үшін балалар арасында байқау жарияланады. Қазір оны біздің орталыққа келіп көруге болады. Ол тез-ақ өсіп келеді. Өте белсенді. Шапқылап жүр.