ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметінше, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ.
Фото: muslim.kz
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуыны тыйым салынбайтынын, бірақ үйінде оқығаны абзал екенін айтты, деп жжазады inbusiness.kz.
"Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы" деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы" деген. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады", – деп жазылған хабарламада.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметінше, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ.
"Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу", – деді ҚМДБ өкілдері.