"Кодты ешкімге жібермеңіз": Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды

0
535

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең ала бастады.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге жібермеу керегі ескертілді, деп жазады inbusiness.kz.

eGov.kz мәліметінше, алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізіп алуы мүмкін.

"ЭЦҚ-ны өзге адамға берсеңіз алаяқтар түрлі құжаттарға заңды түрде сіздің атыңыздан қол қоя алады", - делінген хабарламада.

Жеке деректерді қалай қорғауға болады:

1414 кодын үшінші тұлғаларға бермеңіз;

ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;

егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілттері болса, онда олар жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтарып алуды қадағалау қажет;

ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру қажет;

ЭЦҚ кілттері бар флэш дискіні жоғалтқан кезде ЭЦҚ жоғалған кілттерін кері қайтарып алу қажет;

ХҚКО-да ЭЦҚ кілттерін алған кезде олардың құпия сөзін өзгертуді ұмытпаңыз;

бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін алуда ақылы көмекті қабылдамаңыз.