Коммерциялық емес акционерлік қоғамның атауын өзгерту туралы үкімет қаулысы күшіне енді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық қоғамдық даму институтының атауынан "Рухани жаңғыру" деген сөз алынып тасталды. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов 27 тамызда қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілсін", - делінген құжатта.
Атап айтқанда, "Қазақстан тұңғыш президенті – Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласының жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру – КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы.
Айта кетері, "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты 2019 жылы құрылды.