1935 жылы туған тұрғын жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, кейін Ақмола облысындағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Қазір ол ем қабылдап жатыр.
Фото: Ақмола облысы ТЖД
ERNUR.KZ. Көкшетауда көпқабатты үйдегі пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, 91 жастағы тұрғын құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады inform.kz.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәдуақасов көшесіндегі алты қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден тарсыл естілгені туралы «112» қызметіне хабарлама түскен.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына келгенде пәтерде газ жарылғаны анықталған. Үйде көлемі 19 литрлік газ баллоны болған. Оқиға кезінде үйдің құрылымдары бүлінбеген, өрт те шықпаған.
— Тұрғындарды эвакуациялауға негіз болмады. Пәтерде болған 91 жастағы қария құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды, — деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
1935 жылы туған тұрғын жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, кейін Ақмола облысындағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Қазір ол ем қабылдап жатыр.
Құтқарушылардың алдын ала болжамынша, оқиға газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған.


