Көкшетауда тұрғынды бопсалаған күдіктілер ұсталды

0
190

Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып, бопсалап, Samsung телефонын тартып алған.


Көкшетауда тұрғынды бопсалаған күдіктілер ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

14 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында оған шабуыл жасаған.

Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып, бопсалап, Samsung телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы - 160 мың теңге.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел қызмет қызметкерлері күдіктілерді тез арада анықтады.

"Олар - облыс орталығының 19-22 жас аралығындағы үш тұрғыны. Полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ осындай қылмыстарға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасады:

  • қоғамдық орындарда қырағы болу;
  • қараңғы жерлерден аулақ болу, әсіресе кешке;
  • материалдық жағдайыңызды жарнамаламаңыз: ақшаны, қымбат гаджеттерді немесе зергерлік
  • бұйымдарды көрсетпеуге тырысыңыз;
  • бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.