Көкшетауда үш жасар бала бір айлық сәбимен бірге пәтерде қамалып қалған

0
589

Бала абайсызда пәтер есігін ішінен жауып алған.


Көкшетауда үш жасар бала бір айлық сәбимен бірге пәтерде қамалып қалған

ERNUR.KZ. Көкшетауда үш жасар бала бір айлық сәбимен ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда пәтер есігін ішінен жауып алған, деп жазады zakon.kz.

ҚР ТЖМ қызметі көкшетаулық құтқарушылардың пәтерге еш залал келтірмей кіріп, есікті ашқанын нақтылайды.

"Дәрігер-құтқарушы Дамегүл Шашкенова балаларды қарап, анасына қолдау көрсетті", делінген хабарламада.