15 шаршы метр аумақта орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйдің төбесі кенеттен құлап түскен.
ERNUR.KZ. Алпыс үш жастағы әйел үйдің шатырының опырылып құлауынан қаза тапты, деп жазады Stan.kz.
Қайғылы оқиға 6 қазан күні сағат 00:48-де, Көкшетау қаласының Пионерская көшесінде болған.
15 шаршы метр аумақта орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйдің төбесі кенеттен құлап түскен. Құтқарушылардың айтуынша, үй ескі, 1950 жылы салынған, бірақ апатты деп танылмаған.
Қирандылар астынан 63 жастағы үй иесінің мәйіті табылды. Ол алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.