Өрт түні бойы сөндірілді. Алайда толық ауыздықталған жоқ.
ERNUR.KZ. 10 маусымда сағат 14:00 шамасында Алматы облысын Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 қоқыс тасушы көлік жұмыс істеп жатыр», – деп жазылған Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт 3 гектар аумақты шалған. Ал жалпы қоқыс полигонының аумағы 38 гектарды құрайды.
Өрт орнында үздіксіз су берілуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде.
«2020 жылдың 10 маусым күні шамамен түскі сағат 14:30-15:00 аралығында Алматы-Қапшағай автожолының 34 шақырымында қоқыс тастайтын полигонда өрт басталды (себептері анықталуда). Оқыс оқиға туралы ақпарат бірден өрт сөндіру қызметіне жолданды. Жалын от «Алматы-Қапшағай» автожолының 33-35 шақырымында 8 автокөліктің өзара соғылысуына себепші болды. Үш адам жарақат алып, 1 адам ауыр халде. Сағат 16:30-16:40 аралығында оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы мен жедел жәрдем қызметі келіп жетті», – деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Жол полиция қызметкерлері көз аштырмас түтінге байланысты екі бағытта да көлік қозғалысын уақытша шектеуге мәжбүр болған. Қазіргі сәтте жағдай әлі де күрделі, төтенше жағдай департаменті және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жұрыс істеуде.
Еске сала кетсек, 10 маусымда сағат 14:00 шамасында Алматы облысын Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шыққан болатын.