Өнер иесі өте ауыр жағдайда қалған отбасына көңіл айтты.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал әнші Балжан Бидаш кіс қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың жағдайына алаңдайтынын жеткізді, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі өте ауыр жағдайда қалған отбасына көңіл айтты.
“Шерзаттың отбасындағы жағдай ешкімнің басына түсірмесін. Бәрін көріп, сезіп отырмыз. Біздің қолдан келер шара жоқ. Заң мен сот шешсін. Шерзаттың ағасына көңіл айтып, әкесіне сабыр тілейміз. Бұл түсінген адамға өте ауыр жағдай. Өмір өтеді, тіршілік жалғасады. Аман болайық! Тыныштық болсын”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткен еді. Марқұм жасөсіпірімнің отбасының үйінің өртеуіне қатысты істі бас прокурор жеке бақылуына алған.
Еске салсақ, 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.