Рейтингке сәйкес Қазақстанда тек жұмысқа баруға кететін орташа уақыт 33,64 минутты құрайды.
ERNUR.KZ. Көлік кептелісі бойынша әлемдегі ең қолайсыз елдердің рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінен 51-орынға ие болды, деп хабарлайды Хабар24.
Елдің трафик индексі 128,37 құрады. Көрсеткіш жұмысқа баруға кеткен уақытты, жол қозғалысындағы СО2 шығынын және бүкіл әлемдегі жол қозғалысы жүйесіндегі жалпы тиімсіздікті бағалайды.
Рейтингке сәйкес Қазақстанда тек жұмысқа баруға кететін орташа уақыт 33,64 минутты құрайды. Ал CO2 индексі 4040,36 құрады.
Көлік кептелісі жағынан қолайсыз елдердің рейтингін Нигерия, Коста-Рика және Кения бастап тұр. Ал ең соңғы орындарда, яғни көлік қозғалысы жағынан ең қолайлы елдер тізімінде Дания, Эстония және Австрия жайғасқан. Оларда жұмысқа бару уақыты 25 минуттан сәл асады.
Айта кетсек, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстанның көлік-логистика саласына 26,6 млрд теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33% артық.