Көліктің терезесін шаққан: Қостанайда құрылыс дүкенінің қызмектерлеріне шабуыл жасалды

0
99

​Күдіктілер ұсталды.


Көліктің терезесін шаққан: Қостанайда құрылыс дүкенінің қызмектерлеріне шабуыл жасалды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында құрылыс дүкенінің қызметкерлеріне тауар жеткізу кезінде шабуыл жасалды. Қақтығыс барысында олар соққыға жығылып, қызметтік «Газель» автокөлігіне зақым келтірілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын, сондай-ақ басқа да ықтимал қатысушылар мен куәларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.