Қолы, білегі тістелген, есінен танған – Маңғыстауда ит талаған баланың жағдайы қалай

0
138

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жасөспірімді 21 қаңтар күні сағат тоғыздан кете алабай ит талап тастаған.


Қолы, білегі тістелген, есінен танған – Маңғыстауда ит талаған баланың жағдайы қалай

el.kz/скриншот

ERNUR.KZ. Осыдан екі күн бұрын Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназияның оқушысы ит талағаннан ауыр жарақат алып, аурухана түскен болатын. Дәрігерлер баланың денсаулығы жайында айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жасөспірімді 21 қаңтар күні сағат тоғыздан кете алабай ит талап тастаған. Сынып жетекшісіне “ата-анам келіп тұр” деп ерте шығып кеткен оқушы такси күтіп тұрғанда оған ит тап берген. Ит оқушының екі қолын тістеп тастаған. Ес-түссіз жатқан балаға жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі тоқтап көмек көрсеткен. Оқушыны облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

2009 жылғы оқушының жағдайы орташа ауыр. Екі жақ білегі мен қолында тістелген жаралары бар. Дәрігердің тағайындауымен тиісті емін алып жатыр, – дейді аурухана дәрігерлері
Балаға дәрігерлер тарапынан барлық, тиісті қажетті медициналық ем-шаралар көрсетіліп жатыр. Травматология бөлімінде емін алуда, - деді облыстық аурухана басшылығы.

Иттің иесіне қатысты әкімшілік кодекстің 407-бабы (жануарларды ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы Қалдаяқов көшесінде қаңғыбас иттердің өріп жүргені жөнінде видео тараған еді. Оны түсірген азамат “ананы қара, иттер шұбырып жүр” дейді. Көшеде оларды көрген адамдардың сескене өтіп бара жатқанын байқауға болады. Оқиғаға әкімдік түсініктеме берген.