Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялық сот үкіміне шағымданды

0
2 732

42 жастағы ұлыбританиялық Мохамед Баракат бір жарым жасар қызының өліміне кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.


Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялық сот үкіміне шағымданды

ERNUR.KZ. Алматыда бір жарым жасар қызын өлтіргені үшін сотталған ұлыбританиялық Баракат Мохамед сот үкіміне шағымданбақ. Алматы қалалық сотына оның адвокаттарынан апелляциялық шағым түсті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қалалық сотқа Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баракат Мохамедке қатысты үкіміне адвокаттардан апелляциялық шағым келіп түсті", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ұлыбританиялыққа қатысты қылмыстық іс апелляциясы 2021 жылы 23 ақпанда қаралатыны атап өтілді.

Еске салайық, 42 жастағы ұлыбританиялық Мохамед Баракат бір жарым жасар қызының өліміне кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.