Заң жобасы 2022 жылғы сәуірде әзірленеді деп жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Әділет министрі Қанат Мусин бүгін үкімет отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістерді айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Өзгерістер:
- Президент өкілеттігі;
- Оның лауазымда болуына байланысты шектеулер;
- Орталық сайлау комиссиясының, Есеп Комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы;
- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін Жоғары Аудиторлық Палатаға қайта құру; - Мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі;
- Азаматтардың, Бас Прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де өтініш жасауына мүмкіндік бере отырып, Конституциялық Сот құру;
- Өлім жазасын жою туралы шешімді Конституцияда бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.
"Заң жобасы 2022 жылғы сәуірде әзірленеді деп жоспарланып отыр", – деді министр.
Бұдан бөлек Конституциялық заңдарға және басқа заңдарға мынадай өзгерістер енгізіледі:
- Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу;
- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,
- Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу;
- Жоғары Аудиторлық Палата құру туралы;
- Мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен олардың функциялары;
- Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату;
- Прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша;
- Сайлау процесін жетілдіру;
- Алқабилер сотының қатысуымен істер санаттарын кеңейту;
- Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.
"Бұл бойынша 2022 жылғы тамызда заң жобасы әзірленеді деп жоспарланып отыр", – деді ол.