Көпбалалы аналардың жағдайын өз көздерімен көру үшін үй аралаған лауазымды кісілер үйге аяқкиіммен кіріп халықтан сөз естіп қалды.
ERNUR.KZ. 13 наурыз күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Атырау облысындағы көпбалалы үйлерді аралаймын деп жұрттан сөз естіп қалды, деп жазады sn.kz.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды өз көзімен көруге барған Әбдіқалықова үйге аяқ киіммен баса көктеп кірген. Оның бұл әрекетін желі қолданушыры қатаң сынға алып жатыр.
«Шаңырақтан үлкен емессің. Аяқ киіміңді шешсең креслоңнан түсіп қалмайсың ғой. Немене мынау құрысын», «Халықты қорлама! Аяқ киіміңді шеш», – деп жазған олар.