Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды

0
1 449

Абаевтың айтуынша, Назарбаев Қытайға құрметті қонақ ретінде шақырылған екен.


Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бейжіңдегі форумға неліктен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанын түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министр Назарбаевтың Бейжіңге "Бір белдеу, бір жол" форумының құрметті қонағы, сондай-ақ Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің досы ретінде шақырылғанын атап өтті.

"Бәріміз білетіндей, ескі достыққа деген құрмет – Қытай билеушілерінің ежелгі дәстүрі", - деді Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

Сонымен қатар, ол "Бір белдеу, бір жол" жобасы туралы алғаш рет Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында айтылғанын еске салды.

"Елбасының басшылығымен біздің еліміз бұл бастаманы жүзеге асыруда жетекші рөлге ие болып келеді", - деді министр.

Сондай-ақ, Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайда жоғары "Достық" орденімен марапатталғанын атап өтті. Шетелдік көшбасшылардың ішінде бұл орденмен Владимир Путин ғана марапатталған болатын, деді ол.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форум аясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.