Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылады

0
1 199

Президент жұмыстарына салғырт қараған басшыларды қызметінен босатуды тапсырды.


Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды», - делінген ақпараттық хабарламада.