Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапты

0
215

Ішінде төрт отандасымыз болған Mercedes-Benz көлігі жол жиегіне шығып кеткен.


Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапты

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. 27 наурызда Кенгидегі жантүршігерлік жол апатынан төрт қазақстандық қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Korea joong and daily жазуынша, марқұмдардың жеке басы анықталмаған. Басылым оқиға орнынан фотосурет жариялады: онда полиция Кенгидегі Сохан тас жолында апатқа ұшырап, артынша өртеніп кеткен көліктің сынықтарын тексеруде.


Белгілі болғандай, ішінде төрт отандасымыз болған Mercedes-Benz көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Көлік жолдың оң жағындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып, соққыдан кейін өртенген.

Өрт сөндірушілер апат туралы хабарды алғаннан кейін бірден оқиға орнына жерге жіберілді. 30 минут ішінде жалын сөндіріліп, өртенген қалдықтардың арасынан төрт адамның денесі табылды.