Қорғаныс министрінің әйелі кезінде әскери тікұшақ пен қалың сарбазды жинап, клип түсірген (ВИДЕО)

0
397

Клиптің ең соңында әншінің етегі желбіреу үшін Ұлттық ұланның тікұшағы аспанға ұшқан.


Қорғаныс министрінің әйелі кезінде әскери тікұшақ пен қалың сарбазды жинап, клип түсірген (ВИДЕО)

видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Күні кеше Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин министр Руслан Жақсылықов пен әйелінің фотоссесиясына қатысты түсініктеме берген еді. Фотосессияда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен әйелі және балалары әскери форма киіп, суретке түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Руслан Жанғұлиннің айтуынша, Қазақстанда кез келген адам фотосессия жасай алады. Әйелінің киіміндегі көп медаль туралы айта келе ресми өкілі «министрдің зайыбы да әскери қызметкер. Ол ұзақ жылдан бері Ұлттық ұланның ән мен би ансамблінде қызмет етеді. Кеудесіндегі медальдар мерейтойлық медальдар» деген еді.

Бұл тақырыпты қаза келе редакция өте қызық ақпаратқа тап болды: қорғаныс министрінің қазіргі әйелі осыдан сегіз жыл бұрын жеке клип түсірген әнші болып шықты. Ең қызығы және маңыздысы - ол клипіне Ұлттық ұланның әскери тікұшағын, бәлкім актер болуы да мүмкін, бірақ, өте көп сарбазды, Ұлттық ұланның ірі-ірі әскери техникасын, оның туын пайдаланған.

Енді ресми мәліметтерді салыстырсақ: қазіргі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 2014 жылы сәуірде генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы міндетіне кіріседі.

Ал, оның қазіргі әйелінің Ұлттық Ұланның әскери техникасын пайдалана отырып түсірген клипі 2015 жылы 17 желтоқсан күні ресми жарыққа шығады.

Клиптің ең соңында әншінің етегі желбіреу үшін Ұлттық ұланның тікұшағы аспанға ұшқан.