Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады

0
122

Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметші қатысқан онлайн жиналыстың видеосы тарады.


Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметші қатысқан онлайн жиналыстың видеосы тарады. Видео авторының сөзінше, бұл жайт Қызылорда облысында болған.

Жазбада жергілікті әскери ведомствоның бастығы делінген адам қоластындағыларды бәйәдеп сөздермен сыбағаны айтылады.


Қорғаныс министрлігі мәліметінше, желіде Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысқан жиналыстың видеосы тараған.

Ішкі жиналыс 2025 жылғы 9 маусымда өткен.

"Жиналыс барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тарапынан этикалық нормалар сақталмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - деді министрлік өкілі.