Ол қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Бейнеден кадр
ERNUR.KZ. Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов изолятордан босатылды. Бұл туралы оның қорғаушылары мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Құрметті достар! Қаржаубай изолятордан босатылды. Оны біздің команданың адвокаты Асылбек Әбдірайымов алып кетті. Онымен бәрі жақсы. Қазір ол отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша ақпарат береміз», - деді қорғаушы Саида Таукелева.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың қазақстандықтарға алғыс айтқан видеосы жарияланды.
«Аллаға шүкір, мен үйдемін. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Бәрі жақсы. Қорқатын ешнәрсе жоқ», - деді ол.
Еске сала кетейік, Шерзат Болаттың әкесі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Полицияның хабарлауынша, бұл жаза қоғамдық орында балағат сөздер айту, қызметкерлерді қорлау, сондай-ақ айналасындағыларды құрметтемеу әрекетіне байланысты тағайындалған.