Коронавирус: Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

0
1 014

Біріншіден, 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады.


Коронавирус: Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығының алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біріншіден, 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дизенфекциялық режим орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып,ол жерлерге күшейтілген санитарлық- дизенфекциялық режим енгізу. Каникул кезінде оқушыдарға өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауға тыйым салу, қоғамдық көліктерді жуып, дезинфекция жасау. Орта білім беру орындары каникулға 2020 жылы 16 наурыз - 5 сәуір аралығында шығу, 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО-қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру қажет», - дейді брифнгте Вицен-Премьер Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоұқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатындығын жария етті.

Сондай-ақ, елімізде мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығатын болды.