Коронавирус жұқтырған соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді

0
1 056

24 наурызда Шымкент қаласы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелді.


Коронавирус жұқтырған соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді

ERNUR.KZ. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып тіркелген соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді, деп жазады ҚазАқпарат.

24 наурызда кешкі сағат 21:40-тан бастап елімізде коронавирус жұқтырған 4 адам тіркелді.

Шымкентте алғашқы оқиға тіркелді. 1996 жылғы азамат инфекциялық стационарда жатыр. Ер адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген.

Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. Онымен байланыста болғандардың барлығы анықталған. Қазір олар оқшаулануға алынуда.

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Шымкент қаласының жедел штаб мүшелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, штаб шешімімен барлық бағынысты ведомство органдары қаладағы эпидемиологиялық жағдайды айрықша бақылауға алды.

Екінші жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. 1938 жылғы ер адам стационарда жатыр.
Үшінші оқиға Жамбыл облысында тіркелді. Бұл 1979 жылғы азамат. Ол Қырғызстаннан келген. Стационарға жатқызылған.

Коронавирус инфекциясына қатысты төртінші жағдай Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Ол 1993 жылғы азаматша Ресей Федерациясынан келген. Ол провизорлық стационарда дәрігерлердің бақылауына алынды.
Онымен байланысты болғандардың барлығы анықталды және стационарлық карантинге оқшауланды.

Осылайша елімізде жалпы 72 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.