Олар осы әрекеті үшін бір жылға түрмеге жабылуы немесе 2 жарым миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Қапшағайда екі адамның коронавирус жұқтырғанын айтып елді дүрліктіргендер ұсталды, деп жазады ktk.kz.
Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарт таратқан азаматтар алыстан келмепті. Күдіктелер Қапшағайдағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері екен.
Олар: «Қауіпті инфекция жұқтырған екі адам Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды» деп, WhatsApp желісінде жар салған. Алайда аталмыш ақпарат өтірік болып шықты. Полиция ел арасына қаңқу сөз таратып, халықты үрейлендірген жүргізушілерді ұстады. Енді олар осы әрекеті үшін бір жылға түрмеге жабылуы немесе 2 жарым миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
"Екі күдіктінің жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі екені анықталды. Қазір ҚК 274 бабына сәйкес, жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу ісі Қапшағай қалалық полициясының өндірісінде. Екі күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды" - дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.
Сондай-ақ, Алматы облысында "Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.