Коронавирустық инфекциядан кейін бірден инъекция жасаса, онда асқындырып алу қаупі бар.
ERNUR.KZ. Коронавируспен ауырған адамдар тұмауға қарсы вакцинациядан өту үшін бір ай күтуі керек. Әйтпесе, ауру асқынып кетуі мүмкін, деп жазады Stan.kz.
"Коронавирус - жаңа инфекция. Кез-келген инфекция жұқтырғаннан кейін толық қалпына келу инкубациядан 21 күн бұрын болады. Бірақ біз бір ай артық аламыз", - деді денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Егер сіз коронавирустық инфекциядан кейін бірден инъекция жасасаңыз, онда асқындырып алуыңыз мүмкін. Мысалы, инъекция орны ісіп, аллергия шығып және қызу 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
"Егер адам вакцинацияланған болса, ауырып қалса да тұмау асқынбайды, ауруды тез еңсереді. Бұл ауру асқынуымен қауіпті. Пневмония, бронхит сынды күрделі ауруларды вакцинация арқылы ғана жеңе аламыз", - деді Қожапова.