Қазір жаңа жүйе Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде орнатылған.
ERNUR.KZ. Clockster HR процестерін автоматтандыру жүйесін әзірлейтін қазақстандық стартап келбетті анықтау, дене температурасын және бетперденің болуын бақылау бойынша жаңа шешім енгізді деп жазады baq.kz.
Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушысы Clockster стартабы бет-әлпетті тануға, келушінің температурасын және бетперденің болуын анықтауға мүмкіндік беретін өзінің жаңа жабдығын енгізді.
Clockster стартабы жұмыс уақытын есепке алу жүйесін белсенді түрде енгізеді. Сервис қызметкерлердің жұмыс уақытының есебін жүргізуге, табельдеуге, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдегі коронавирус пандемиясы аясында стартап өзінің HRm автоматтандыру қызметіне жаңа шешімдерді біріктірді.
Clockster компаниясының негізін қалаушы және стартап жетекшісі Ержан Рысқалиевтың айтуынша, жоба тобы арнайы құрылғыға тапсырыс берді, оны енгізу сервиске келушілердің температурасын және бетперденің болуын анықтауға мүмкіндік берді.
Жаңа шешім ұйым қызметкерлерінің температурасын, бетперденің бар-жоғын автоматты түрде анықтайды. Жоғары температура болған жағдайда - деректер автоматты түрде базада сақталады және жауапты тұлғаларға электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Сондай-ақ, өтуге тыйым қоюға болады, онда жүйе қызметкерді турникет арқылы өткізбейді. Бұл бетперделерге де қатысты, - деді ол.
Қазір жаңа жүйе Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде орнатылған.
Біз Astana Hub-қа жүйені орнатып, басқа компаниялардан 10-ға жуық алдын ала тапсырыс алдық. Сервис коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін құрылыс секторы, ауруханалар, медициналық мекемелер, мектептер, университеттер үшін өте қолайлы, - дейді Ержан Рысқалиев.
Ержан Рысқалиевтің айтуынша, мұндай құрылғыларды қазір 20-ға жуық түрлі компания шығарады. Бірақ көптеген компанияда өзінің арнайы бағдарламалық жасақтамасы жоқ.
Біздің жағдайда барлығы Clockster жүйесіне біріктірілген, бұл құрылғыны кез келген жерде оңай басқаруға мүмкіндік береді. Clockster бұлт шешімі, сондықтан телефоныңыз болса, онда жүйені басқара аласыз және кім және қашан кіргенін, қандай температура болғанын көре аласыз, - деп атап өтті ол.
Оның сөзінше, қазір көптеген компанияда келушілердің температурасын күзетшілер тексеруде.
Адам факторы көп. Күзетші қонақтарды өткізіп, температураны өлшей алмайды, сонымен қатар арзан құрылғылардың анықтау қателігі жалпы бір градусқа дейін болады. Яғни, егер адамда 37 градус температура көрсеткіші болса, онда ол 36 градус көрсете алады. Сонымен қатар, біздің қызметімізде қонақтардың температурасын жазудың қажеті жоқ. Бізде барлығы цифрланған және автоматтандырылған, қонақтардың кіру/шығу жазбаларын көруге, есептілікті шығаруға болады, - дейді Ержан Рысқалиев.
Әзірлеуші хабарлағандай, стартап қазір Қазақстанмен шектелмей, Ресей, Украина және Филиппин нарығына да шықты.
Clockster Astana Hub - IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы. Технопарктің барлық қатысушысы салық преференцияларын алады.
Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауар импорттаудың ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және дербес резиденттерге әлеуметтік салығынан босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы ІТ-компанияларға өз жобаларын дамытуға үнемделген қаражатты қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Преференциялардың арқасында біз тек қызметкерлер үшін зейнетақы аударымдарын төлейміз. Бұл іс-әрекеттің маңызы зор. Өткен жылы біз көп қаражат үнемдедік. Үнемдеген қаражатты жобаны дамытуға инвестицияладық, қызметкерлердің жалақысын көтердік, - деп қорытындылады HRm автоматтандыру саласындағы қазақстандық стартаптың негізін қалаушысы.