Қостанай - Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

0
240

Осыған байланысты борт Астанаға шұғыл қонды.


Қостанай - Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қостанайдан Алматыға ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында ер адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Қостанай - Алматы бағыты бойынша X7141 рейсінде жолаушылардың бірі ұшақ ұшқаннан кейін өзін нашар сезіне бастаған. Осыған байланысты борт Астанаға шұғыл қонды.

Стюардессалар жолаушының импульсі мен тыныс алуын тексеріп, оның көз жұмғанын байқаған. Нұсқауларға сәйкес, экипаж алғашқы медициналық көмекке кірісті және бортта дәрігер іздеуді бастады. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибрилляторды қолданып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді.

"Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын айтты. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген әуекомпанияның хабарламасында.