Қостанай әуежайы сатылымға шығарылды

0
417

Аукционға қатысу үшін 26 қыркүйекке дейін баға ұсынысы бар өтінімді жіберу керек.


Қостанай әуежайы сатылымға шығарылды

ERNUR.KZ. Қостанайдағы әуежай сатылымға шығарылды, деп жазады stan.kz.

26 қыркүйекте А.Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ 49% акциясын сату бойынша аукцион өтеді. Аукцион бағасы 4,7 миллиард теңгеден басталады.

Аукционға қатысу үшін 26 қыркүйекке дейін баға ұсынысы бар өтінімді жіберу керек.

Кепілдік жарна – 100 миллион теңге.

Нысанға жөндеу жүргізіліп, ұшып шығу залы, ұшып келу залы, ұшу-қону жолағы және әуе кемелерінің тұрақтары жаңартылды. Әуежайға құйылған инвестиция көлемі 12 миллиард теңгеден асты.

Сатып алушы нысанның мақсаты мен қызметкерлер штатын 5 жыл бойы сақтауға міндетті.