Елордада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.
ERNUR.KZ. Дүйсенбі, демалыстан кейінгі бірінші оқу күні Қостанай мен Семей қалаларының оқушылары үйден оқитын болды, деп жазады zakon.kz.
Білім басқармаларының мәлімдеуінше, өңірлердегі қатты аязға байланысты оқушыларды қашықтан оқыту жөнінде шешім қабылданған.
Қостанайда 9 қаңтарда таңертең ауа температурасы 31 градусты көрсетті.
Семейде де күн суық.
Дүйсенбі күні бірінші ауысымда оқитын астаналық оқушылар да қашықтан оқиды.
Елордада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.