Ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Қостанай қаласында ірі мөлшерде пара алған облыстық соттың судьясы ұсталды, деп жазады Sputnik.kz.kz.
"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды", - деп мәлімдеді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
ҰҚК-нің тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.