2015 жылы туған баланың мәйіті су толған шұңқырдан өлі күйінде табылған.
ERNUR.KZ. Арқалық қаласынан 6 шақырым жерде, Родина ауылы маңында суға шомылуға арналмаған шұңқырда қайғылы жағдай болды — 10 жастағы бала суға батып кетті, деп жазады kaz.inform.kz.
2015 жылы туған баланың мәйіті су толған шұңқырдан өлі күйінде табылған.
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, бала суға рұқсат етілмеген жерде өз бетімен шомылып жүргенде батып кеткен. Оқиға болған аумақта шомылуға арналған қауіпсіздік құралдары болмаған.
Қостанай облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
Тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз;
Балаларды су жағасында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз суға баруға рұқсат бермеңіз;
Бейтаныс су айдындарына шомылмаңыз;
Техникалық су қоймаларында, карьерлерде, шұңқырларда және каналдарда шомылудан аулақ болыңыз;
«Шомылуға тыйым салынған» белгілерге назар аударыңыз;
Төтенше жағдай туындаса, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз.